Қазақстандық инфрақұрылымдық инвестициялар платформасы

Халықаралық инвестициялар.Қазақстандағы жобалар.

Senqor Қазақстандағы инфрақұрылымдық және тау-кен жобаларына халықаралық инвестициялар тартады. Жобаларды іріктеп, қаржыландыруға дайындаймыз және іске асыруды сүйемелдейміз.

01 · Компания туралы

Senqor — Қазақстанға халықаралық инвестициялар тарту және елдегі жобаларды дамыту үшін EA Group Holding пен Meridian Global Management құрған платформа.

EA Group Holding

Инвестициялық сараптама

Инвестициялық талдау, қаржыландыру құрылымын әзірлеу және корпоративтік басқару. Инвесторлармен, банктермен және даму институттарымен жұмыс.

Meridian Global Management

Қазақстандағы кәсіпкерлік тәжірибе

Құрылыс, тау-кен өндірісі, энергетика және халықаралық инвестициялар салаларындағы тәжірибе.

SENQOR
Қазақстандағы бірлескен платформа

Жобаларды дайындау және іске асыру үшін қатысушылардың тәжірибесін біріктіреміз.

02 · Бағыттар

Инвестиция бағыттары

Қазақстанда өндірістік нысандар мен инфрақұрылымды құру және дамыту жобаларын қарастырамыз.

Пайдалы қазбаларды өндіру және байыту

Кен орындарын игеру, байыту кәсіпорындарын және оларға қажетті инфрақұрылымды салу мен жаңғырту.

Өнеркәсіптік инфрақұрылым

Жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерге арналған энергиямен және сумен жабдықтау, инженерлік жүйелер.

Цифрлық инфрақұрылым

Деректерді өңдеу орталықтары, телекоммуникациялық желілер және олардың жұмысына қажетті энергиямен жабдықтау мен байланыс инфрақұрылымы.

03 · Жобалармен жұмыс

Мәмілені дайындау және іске асыру

Senqor әр мәмілені экономикасы, қатысушылар құрамы және қаржыландыру шарттары жеке айқындалатын дербес жоба ретінде жүргізеді.

Жеке жобалық компания

Жобаны іске асыру үшін жеке заңды тұлға құрылады. Тараптардың қатысуы, шарттар мен қаржыландыру осы компания арқылы ресімделеді.

Әр жобаның өз құжаттары, міндеттемелері және есептілігі болады.

Қаржыландыру басталғанға дейін келісілетін шарттар

Жоба экономикасы
Инвестиция көлемі, қаржыландыру көздері және қаржылық модель.
Қатысу және басқару
Тараптардың үлестері, өкілеттіктері және шешім қабылдау тәртібі.
Тәуекелдер мен міндеттемелер
Қатысушылардың жауапкершілігі және уағдаластықтарды орындау шарттары.

Senqor жобаны сүйемелдейді

Тексерулер мен келісулерді, құжаттарды дайындауды және қатысушылардың жұмысын үйлестіреді. Іске асыру барысында жоспардың орындалуын қадағалап, есептілікті ұйымдастырады.

04 · Серіктестік

Жобаңызды талқылайық

Халықаралық инвесторлармен және Қазақстандағы жоба бастамашыларымен жұмыс істейміз. Ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін бізге хабарласыңыз.

Жобаңыз туралы ақпарат

  • Сала, жобаның қысқаша сипаттамасы және орналасқан жері
  • Дайындық кезеңі және қолда бар құжаттама
  • Қаржыландыру көлемі және қажетті қолдау